О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 июня 2015 года № 232 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 июня 2015 года № 232 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере образования»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 232 «Білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 333
- Қабылданған күні
- 20.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2020 124054_444356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005934
- ЭКБ идентификаторы
- 124054
- Редакция идентификаторы
- 124054_444356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:40
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 232 «Білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11057 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 232 «Білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4437 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) қаулының кіріспесі жаңа мәтінде жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11057 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2 2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.»;
3 3) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі негізгі орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру (бұдан әрі – телнұсқа) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».