О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июля 2015 года № 259 «Об утверждении минимального социального стандарта «Обеспечение доступа лиц с инвалидностью к культурно-зрелищным мероприятиям, проводимым государственными организациями культуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июля 2015 года № 259 «Об утверждении минимального социального стандарта «Обеспечение доступа лиц с инвалидностью к культурно-зрелищным мероприятиям, проводимым государственными организациями культуры»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 01.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 183635_642992.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033030
- ЭКБ идентификаторы
- 183635
- Редакция идентификаторы
- 183635_642992
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:04
0 «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық
іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ п/п
Норманың/ нормативтің атауы
Норманы/ нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1.
Бюджет қаражаты есебінен өткізетін концерттік мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.
2.
Бюджет қаражаты есебінен өткізетін театрларға қол жетімділікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.
3.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-ойын-сауық мекемелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.
4.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын кітапханаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.
5.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын музейлер және музей- қорықтарға қол жетімділікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.
6.
Бюджет қаражаты есебінен өткізетін цирктердің қойылымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету

».