О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 29 июня 2015 года № 270 «О запрещении пребывания физических лиц и об ограничении права лесопользования на территории государственного лесного фонда Алматинской области в период высокой пожарной опасности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 29 июня 2015 года № 270 «О запрещении пребывания физических лиц и об ограничении права лесопользования на территории государственного лесного фонда Алматинской области в период высокой пожарной опасности»
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 270 «Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 279
- Қабылданған күні
- 21.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2023 185426_649569.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23D0602505
- ЭКБ идентификаторы
- 185426
- Редакция идентификаторы
- 185426_649569
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:14
0 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы № 270 «Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы облысы әкімдігінің «Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3295 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабы, 63-бабына сәйкес, «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бекітілген бұйрығына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алматы облысының мемлекеттік орман қорында өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман аумағында болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.»;
көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.».