Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Каракиянского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 27/285 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 17/196 · қабылданған 29.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-27285-ekb-122398/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Каракиянского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 27/285 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 17/196 ·29.05.2018
29.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Каракиянского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 27/285 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 17/196 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Каракиянского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 27/285 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17/196
Қабылданған күні
29.05.2018
Көрсетілген редакция
29.03.2021 122398_519383.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18MD003630
ЭКБ идентификаторы
122398
Редакция идентификаторы
122398_519383
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:18

0 Қарақия аудандық мәслихатының

2015 жылғы29 маусымдағы № 27/285
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын
бекітутуралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеткодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкесжәне Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 10-15-1497 ұсынысының негізінде Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі № 52-53 «Қарақия» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
3 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;».

2

2. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық жұмыспен
қамту,әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтықхал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Сәрсенғали Маркс Тайырұлы
29 мамыр 2018 жыл

Қолданыстағы