О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 сентября 2015 года № 277 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции Западно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 сентября 2015 года № 277 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции Западно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 277 «Батыс Қазақстан облысының техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 24.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2020 113007_463088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17Z0004821
- ЭКБ идентификаторы
- 113007
- Редакция идентификаторы
- 113007_463088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:01
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі №277
«Батыс Қазақстан облысының
техникалық инспекция саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№277 «Батыс Қазақстан облысының техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№4135 тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша жүргізетін адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Б. Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.