О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 29 января 2015 года № 28/1 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 29 января 2015 года № 28/1 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95/3
- Қабылданған күні
- 01.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2017 100859_178025.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005041
- ЭКБ идентификаторы
- 100859
- Редакция идентификаторы
- 100859_178025
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:12
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақта 43) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің 2016
жылғы « 1 » наурыздағы
№ 95/3 қаулысына қосымша
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі