Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2015 года № 297 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 31 · қабылданған 03.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-297-ekb-103690/on/2026-09-07/
Басып шығарылды 2026-09-07 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2015 года № 297 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 31 ·03.06.2016
15.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
07.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2015 года № 297 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 31 · 07.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2015 года № 297 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31
Қабылданған күні
03.06.2016
Көрсетілген редакция
15.03.2024 103690_693894.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ND006491
ЭКБ идентификаторы
103690
Редакция идентификаторы
103690_693894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:55

0 Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5621 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Лисаков қаласының бөліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11015 нөмірімен тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
___________________ Л. Бочаренко
2016 жылғы «3» маусым

Қолданыстағы