Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 31/212 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания социальной помощи на основании контракта для активизации семьи (граждан)»

Ереже · № 4/33 · қабылданған 08.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-31212/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 31/212 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания социальной помощи на основании контракта для активизации семьи (граждан)» Күшін жойған Ереже ·№ 4/33 ·08.07.2016
29.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 31/212 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания социальной помощи на основании контракта для активизации семьи (граждан)»

Күшін жойған Ереже ·№ 4/33 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 31/212 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания социальной помощи на основании контракта для активизации семьи (граждан)»
Атауы (қаз.)
Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212 «Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/33
Қабылданған күні
08.07.2016
Көрсетілген редакция
29.11.2016 105369_128366.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MF003123
ЭКБ идентификаторы
105369
Редакция идентификаторы
105369_128366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:27

0 Түпқараған аудандық мәслихатының

2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212
«Отбасының (азаматтардың) белсенділігін
арттыру үшін келісімшарт негізіндегі
әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына , 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10 бабының 3 тармағына және 24 бабының 6 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы

№ 31/212 «Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
1 тармақтың 3), 4) және 10) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) ассистенттер – келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі- КНӘК) алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі ) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;»;
«4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – КНӘК алу үшін
жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөліміне жүгінген өтініш берушімен консультациялар өткізу, әңгімелесу,
отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс - қимыл жасайтын адамдар;»;
«10) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);».

2 2.Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
Г.Бекбосинова
8 шілде 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Төлеген
8 шілде 2016 жыл

Қолданыстағы