Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 333 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Бұйрық · № 559 · қабылданған 01.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-333/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 333 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества» Күшін жойған Бұйрық ·№ 559 ·01.06.2018
07.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 333 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 559 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 333 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
559
Қабылданған күні
01.06.2018
Көрсетілген редакция
07.04.2020 122699_456797.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017091
ЭКБ идентификаторы
122699
Редакция идентификаторы
122699_456797
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:14

0 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11483 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 4 – процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді алу үшін сұрау жіберу (1,5 мин);
7) 5 – процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру деректерін және ЭЦҚ-сын тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі туралы деректерді немесе бір реттік пароль деректерін сұрау (1,5 мин);
8) 2 – шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сын тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және дұрыстылығын немесе бір реттік парольдің тексеру кодын тексеру (30 сек);
9) 6 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы дұрыстылығы немесе бір реттік парольдің тексеру коды расталмағанына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек – 1 мин);
10) 7 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді қолданып электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректер) қол қою және сұрауды ЭҮШ арқылы мемтізілімге жолдау (30 сек – 1 мин);».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Ғ.У. Ыбырайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы