Об отмене карантинного режима на территории Западно-Казахстанской области и внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2015 года № 373 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об отмене карантинного режима на территории Западно-Казахстанской области и внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2015 года № 373 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысының аумағында карантин режимінің күшін жою және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 220
- Қабылданған күні
- 19.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2023 173141_651318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22Z0030293
- ЭКБ идентификаторы
- 173141
- Редакция идентификаторы
- 173141_651318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:22
0 Батыс Қазақстан облысының аумағында карантин режимінің күшін жою және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 1 маусымдағы №3-13-520 ұсынымының негізінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы аумағында келесі жер телімдерінде залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимді алып тастау:
1) Сырым ауданы, Аралтөбе ауылдық округі, залалданған ауданы – 1 028 гектар жатаған у кекіре; Талдыбұлақ ауылдық округі, залалданған ауданы - 128 гектар жатаған у кекіре; Шолақаңқаты ауылдық округі, залалданған ауданы - 917 гектар жатаған у кекіре;
2) Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, залалданған ауданы - 70 гектар жатаған у кекіре; Достық ауылдық округі, залалданған ауданы - 700 гектар жатаған у кекіре;
3) Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округі, залалданған ауданы - 560 гектар жатаған у кекіре; Ақсуат ауылдық округі, залалданған ауданы - 130 гектар жатаған у кекіре; Долин ауылдық округі, залалданған ауданы - 773 гектар жатаған у кекіре; Шаған ауылдық округі, залалданған ауданы - 806 гектар жатаған у кекіре;
4) Шыңғырлау ауданы, Ардақ ауылдық округі, залалданған ауданы - 379 гектар жатаған у кекіре;
5) Орал қаласы, Круглозерный ауылдық округі, залалданған ауданы - 241 гектар жатаған у кекіре;
6) Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округі, залалданған ауданы - 12 гектар көпжылдық ойраншөп;
7) Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі, залалданған ауданы - 3 гектар қауын шыбыны.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Бәйтерек аудандарының
және Орал қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін».
3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
16 Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 220 қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына
1-қосымша
Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
№
Аудан атауы
Ауылдық округтің және елді мекендердің атауы
Залалдану алаңы (гектар)
1
Ақжайық
Ақжол, Алғабас, Бударин, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Чапаев ауылдық округтері
2 834,6
2
Бәйтерек
Переметный ауылы, Белес, Дариян, Достық, Егіндібұлақ, Железнов, Зеленов, Көшім, Краснов, Макаров, Махамбет, Мичурин, Рубежин, Трекин, Шалғай, Щапов, Янайкин ауылдық округтері
31 259
3
Бөрлі
Ақсай қаласы, Ақбұлақ, Александров, Бумакөл, Достық, Жарсуат, Қанай, Приурал, Пугачев ауылдық округтері
6 952
4
Жәнібек
Қамысты, Тау, Талов, Ұзынкөл ауылдық округтері
7 084
5
Казталов
Казталов ауылы, Ақпәтер, Қарасу ауылдық округтері
397
6
Сырым
Алғабас, Елтай, Жосалы, Талдыбұлақ, Шолақанқаты ауылдық округтері
15 706
7
Тасқала
Тасқала ауылы, Ақтау, Амангелді, Достық, Мерей, Шежін ауылдық округтері
9 242
8
Теректі
Федоровка ауылы, Ақжайық, Ақсуат, Аңқаты, Богдановка, Долин, Новопавловка, Подстепное, Покатиловка, Приречное, Ұзынкөл, Шаған, Шағатай ауылдық округтері
50 406,01
9
Шыңғырлау
Шыңғырлау ауылы, Алмаз, Ащысай, ауылдық округтері
2 457,4
10
Орал қаласы
Зашаған кенті, Деркөл, Круглозерный ауылдық округтері
8 548
Барлығы:
134 886,01
17 Карантиндік арамшөп – арам сояу бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 220 қаулысына
2-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына
2-қосымша
Карантиндік арамшөп – арам сояу бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
№
Аудан атауы
Ауылдық округтің және елді мекендердің атауы
Залалдану алаңы (гектар)
1
Бәйтерек
Көшім ауылдық округі
54
2
Бөрлі
Ақсай қаласы, Ақсу, Приурал, Пугачев ауылдық округтері
194,5
Барлығы:
248,5
18 Карантиндік арамшөп – көпжылдық ойраншөп бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 220 қаулысына
3-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына
3-қосымша
Карантиндік арамшөп – көпжылдық ойраншөп бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
№
Аудан атауы
Ауылдық округтің және елді мекендердің атауы
Залалдану алаңы (гектар)
1
Бәйтерек
Дариян, Трекин ауылдық округтері
54
Барлығы:
54
19 Карантиндік зиянкес – қауын шыбыны бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 220 қаулысына
4-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына
4-қосымша
Карантиндік зиянкес – қауын шыбыны бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
№
Аудан атауы
Ауылдық округтің және елді мекендердің атауы
Залалдану алаңы (гектар)
1
Бәйтерек
Көшім ауылдық округі
3,2
Барлығы:
3,2
20 Орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегі бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 220 қаулысына
5-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына
5-қосымша
Орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегі бойынша залалданған алаңдардың көлемінде
Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режимі енгізілген карантинді аймақ
№
Аудан атауы
Ауылдық округтің және елді мекендердің атауы
Залалдану алаңы (гектар)
1
Бәйтерек
Дариян, Көшім, Рубежин, Январцев, Янайкин ауылдық округтері
556,8
2
Бөрлі
Бөрлі ауылы, Приурал ауылдық округі
430
3
Теректі
Долин ауылдық округі
215
4
Шыңғырлау
Шыңғырлау ауылы
29,6
Барлығы:
1 231,4