Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 380 «Об утверждении регламентов государственных услуг Министерства энергетики Республики Казахстан в сфере нефти и газа»

Бұйрық · № 125 · қабылданған 13.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-380-ekb-121385/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 380 «Об утверждении регламентов государственных услуг Министерства энергетики Республики Казахстан в сфере нефти и газа» Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 ·13.04.2018
08.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 380 «Об утверждении регламентов государственных услуг Министерства энергетики Республики Казахстан в сфере нефти и газа»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 380 «Об утверждении регламентов государственных услуг Министерства энергетики Республики Казахстан в сфере нефти и газа»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
13.04.2018
Көрсетілген редакция
08.05.2020 121385_459854.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016855
ЭКБ идентификаторы
121385
Редакция идентификаторы
121385_459854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:51

0 «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11604 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті (электрондық тәсілмен) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі (дүйсенбі-жұма күндері – 9.00-ден 18.30-ға дейін);»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті (электрондық тәсілмен) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі (дүйсенбі-жұма күндері – 9.00-ден 18.30-ға дейін);».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы