Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 423 «Об утверждении нормативов оснащения доклинических симуляционных кабинетов медицинских колледжей»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-72 · қабылданған 13.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-423/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 423 «Об утверждении нормативов оснащения доклинических симуляционных кабинетов медицинских колледжей» Күшін жойған 16.02.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 423 «Об утверждении нормативов оснащения доклинических симуляционных кабинетов медицинских колледжей»

Күшін жойған Бұйрық № ҚР ДСМ-72 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 423 «Об утверждении нормативов оснащения доклинических симуляционных кабинетов медицинских колледжей»
Атауы (қаз.)
«Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-72
Қабылданған күні
13.05.2019
Көрсетілген редакция
16.02.2023 131341_621593.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018659
ЭКБ идентификаторы
131341
Редакция идентификаторы
131341_621593
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағына 28-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91840 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-72 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 423 бұйрығына
қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық
кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

Жаб­дық­тың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Ұсы­ны­ла­тын нор­ма
Си­му­ля­ци­я­лық ор­та­лық
Си­му­ля­ци­я­лық ка­би­нет
1
Жү­рек-өк­пе ре­ани­ма­ци­я­сын орын­да­у­ға ар­нал­ған ма­не­кен
да­на
2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
2
Оқу де­фи­брил­ля­то­ры
да­на
2 (ор­та­лық­қа)
1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
3
Инъ­ек­ци­я­лар дағ­ды­ла­рын орын­да­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер (ере­сек / ба­ла­лар)
да­на
2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
4
Қуық ка­те­те­ри­за­ци­я­сы­на ар­нал­ған тре­на­жер (ер­лер / әй­ел­дер / ба­ла­лар)
да­на
1 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
5
Өк­пе мен жү­рек­тің аускуль­та­ци­я­сы­на ар­нал­ған тре­на­жер
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
6
То­рап­тар­ды бай­ла­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
-
7
Ко­ни­ко­то­мия және тра­хео­то­ми­я­ға ар­нал­ған тре­на­жер
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
-
8
Қан тоқ­та­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
-
9
Көз­ді зерт­те­у­ге ар­нал­ған тре­на­жер
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
-
10
Құ­лақ ау­ру­ла­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
-
11
Сүт бе­зі мо­де­лі
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
4 2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
12
Ба­ла­лар ба­сы­на инъ­ек­ци­я­лар жа­сау тре­на­же­ры
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
-
13
Омырт­қа және бел пунк­ци­я­сы­на ар­нал­ған си­му­ля­тор (ере­сек / ба­ла)
да­на
1-2 (ор­та­лық­қа)
-
14
Жа­тыр мой­нын зерт­теу тре­на­же­ры
да­на
1-2 (ор­та­лық­қа)
-
15
Зондты та­мақ­тан­ды­ру­ға ар­нал­ған ма­не­кен/фан­том
да­на
1-2 (ор­та­лық­қа)
1 (ка­би­нет­ке)
16
Ас­қа­зан тү­ті­гі (ере­сек/ба­ла­лар)
да­на
1-2 (ор­та­лық­қа)
1 (ка­би­нет­ке)
17
Кү­тім жа­сау дағ­ды­ла­ры­на ар­нал­ған сә­би үл­гі­сі
да­на
-
3 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
18
Ау­ру адам­ға кү­тім жа­са­у­ға оқы­ту­ға ар­нал­ған ма­не­кен
да­на
-
1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
19
Спи­ро­граф
да­на
1 (ор­та­лық­қа)
1 (ка­би­нет­ке)
20
Ша­ла ту­ған сә­би­лер­ге ар­нал­ған кю­вез
да­на
-
1 (ка­би­нет­ке)
21
Ша­ла ту­ған сә­би­дің мо­де­лі
да­на
-
2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
22
Тік ішек­ті зерт­те­у­ге ар­нал­ған мо­де­лі
да­на
1 (ор­та­лық­қа)
1 (ка­би­нет­ке)
23
Жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­ге ин­ту­ба­ция жа­са­у­ға ар­нал­ған әм­бе­бап үл­гі
да­на
1 (ор­та­лық­қа)
1 (ка­би­нет­ке)
24
Ба­ла кри­ко­ти­рео­то­ми­я­сын жа­са­у­ға ар­нал­ған тре­на­же­рі
да­на
1 (ор­та­лық­қа)
-
25
Эзо­фа­го­га­стро­дуо­де­но­ско­пия оқы­ту­ға ар­нал­ған тре­на­жер
да­на
1-2 (ор­та­лық­қа)
-
26
Брон­хо­ско­пия жүр­гізу­ге оқы­ту­ға ар­нал­ған тре­на­же­рі
да­на
1-2 (ор­та­лық­қа)
-
27
Па­ци­ент­тің кар­дио­ло­ги­я­лық тре­на­же­рі
да­на
1 (ор­та­лық­қа)
-
28
Көз­ді зерт­те­у­ге ар­нал­ған си­му­ля­тор
да­на
1 (ор­та­лық­қа)
-
29
Эпи­ду­ра­лық инъ­ек­ци­я­ға ар­нал­ған си­му­ля­тор
да­на
2 (ор­та­лық­қа)
-
30
Боса­на­тын әй­ел си­му­ля­то­ры
да­на
2 (ор­та­лық­қа)
-
31
Про­ста­та паль­па­ци­я­сы­на ар­нал­ған си­му­ля­тор
да­на
1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа)
-
Ескерту: шығындау материалдары - қажеттілігіне қарай
Симуляциялық орталық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске
асыратын ұйымдарда құрылады. Симуляциялық кабинет – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі
білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады.