О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 429 «Об утверждении Правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 429 «Об утверждении Правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования»
- Атауы (қаз.)
- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- МЗ-3
- Қабылданған күні
- 03.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2020 124438_502863.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017317
- ЭКБ идентификаторы
- 124438
- Редакция идентификаторы
- 124438_502863
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:35
0
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
29 мамырдағы № 429 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы
1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде
№ 11526 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 16685 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес МСАК субъектілеріне есепті кезең үшін КЖНЫК сомаларын аударудың уақтылығын қамтамасыз етеді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлеріне көтермелеу сомасына «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексіне сәйкес (Салық кодексі) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және басқа да ұстап қалулар кіреді.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. КЖНЫК қаражаты есебінен МСАК субъектілерінің медицина қызметкерлерін көтермелеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесімен (бұдан әрі - Әдістеме) айқындалған МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының (бұдан әрі - түпкілікті нәтиженің индикаторлары) негізінде жүзеге асырылады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша нысаналы мәніне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында процесс индикаторларын мониторингілеуді мынадай қатысушылар жүзеге асырады:
1) МСАК субъектісінің пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметі;
2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармасы);
3) Қор;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – ҚДСК) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – ҚДСК АД).»;
38-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«38-1. Қор:»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. МСАК қызметкерінде № 173 бұйрықпен айқындалған тәртіпте пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметінің ішкі сараптама нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған жағдайда, есептелген КЖНЫК сомасы комиссия шешімімен азайтылады, бірақ есептелген КЖНЫК сомасының 50%-ынан артық емес.»
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.