Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 494 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему»

Бұйрық · № 544 · қабылданған 17.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-494/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 494 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему» Күшін жойған Бұйрық ·№ 544 ·17.06.2019
22.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 494 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 544 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 494 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
544
Қабылданған күні
17.06.2019
Көрсетілген редакция
22.04.2020 132576_456052.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018873
ЭКБ идентификаторы
132576
Редакция идентификаторы
132576_456052
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:30

0 «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11510 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-крииминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы « » ___
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы «29» _05_
№ _494_ бұйрығына қосымша
«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11230 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті беруші азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындылар туралы мәліметті «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізеді.

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен сынау объектілерін (бұдан әрі – құжаттар пакеті) қабылдау болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп, өтінішті, құжаттар пакетін, сынау объектілерін қабылдайды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы сынау зертханасының қызметкеріне құжаттар мен сынау объектілерін ұсынады және Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес тізімдеме бойынша тапсырады – 10 (он) минут. Сынау зертханасының қызметкері мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығын тексереді;
ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексереді;
Стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
Стандарттың 9-тармағына сәйкес зерттеуге ұсынылған құжаттар мен объектілердің тізімдемесін жасайды.
Құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне қоса беріледі.
Іс жүргізуге жауапты лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаған күн мен уақытты көрсете отырып, құжаттар мен сынау объектілері тізімдемесінің көшірмесін береді – 5 (бес) минут. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу, сынау зертханасының қызметкері құжаттар пакеті мен сынау объектілерін қабылдаудың күні мен уақытын көрсете отырып, тізімдеме жасайды;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішпен, құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесімен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 15 (он бес) минут.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 19 күнтізбелік күні ішінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

«Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген) сәйкес азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігін анықтау үшін сынау жүргізеді;
алынған сынақ нәтижелерін талдауды жүзеге асырады, азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Рәсімнің нәтижесі – азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындыға қол қояды – 15 (он бес) минут.

Рәсімнің нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсетудің қол қойылған нәтижесі.

7

7. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды) және көрсетілетін қызметті алушы сынау үшін ұсынған құжаттар мен криминалистік талаптарға сәйкес келетін және сынау нәтижесінде сыртқы түрін, конструкциясын, жауынгерлік қасиеттерін, техникалық сипаттамаларын өзгертпеген объектілерді береді – 15 (он бес) минут.
Сынау зертханасының қызметкері азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындылар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі сынау зертханасының қызметкерімен бірлесіп – өтінішті, құжаттар мен сынау объектілерін қабылдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлінісінің жауапты орындаушысы – объектілерін сынауды жүргізеді, алынған сынау нәтижелерін талдауды жүзеге асырады, азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Құрылымдық бөліністердің (әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

1.1 Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту жүйелілігін сипаттау блог-схемасы

«Азаматтық және қызметтiк қарудың
және оған патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) өту жүйелілігін сипаттау блог-схемасы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі сы­нау зерт­ха­на­сы­ның қыз­мет­ке­рі­мен бір­ле­сіп (15 ми­нут)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі сы­нау зерт­ха­на­сы­ның қыз­мет­ке­рі­мен бір­ле­сіп (15 ми­нут)
Кең­се қыз­мет­ке­рі өті­ніш­ті қа­был­да­уды жү­зе­ге асы­ра­ды;
Сы­нау зерт­ха­на­сы­ның қыз­мет­ке­рі:
құ­жат­тар мен сы­нау объ­ек­ті­ле­рін қа­был­да­уды;
өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­дің шы­най­ы­лы­ғын тек­се­ру­ді;
ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар мен сы­нау объ­ек­ті­ле­рі­нің Стан­дарт­тың 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген тіз­бе­ге сәй­кес ке­лу­ін тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды;
Стан­дарт­тың 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес зерт­те­у­ге ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар мен объ­ек­ті­лер­дің ті­зім­де­ме­сін жа­сай­ды;
Кең­се қыз­мет­ке­рі құ­жат­тар па­ке­тін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на бе­ре­ді.
кри­ми­на­ли­стік сы­нау бой­ын­ша қо­ры­тын­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы сы­нау үшін ұсын­ған құ­жат­тар мен кри­ми­на­ли­стік та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін және сы­нау нәти­же­сін­де сырт­қы тү­рін, кон­струк­ци­я­сын, жа­уын­гер­лік қа­си­ет­те­рін, тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын өзгерт­пе­ген объ­ек­ті­лер­ді бе­ре­ді – 15 (он бес) ми­нут.
Сы­нау зерт­ха­на­сы­ның қыз­мет­ке­рі аза­мат­тық және қыз­мет­тiк қа­ру­дың және оған па­трон­дар­дың кри­ми­на­ли­стік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гіне бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­ректер ба­за­сы» ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы (30 ми­нут)
бұ­ры­шта­ма қо­яды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лі­ні­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы­на аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың және оған па­трон­дар­дың кри­ми­на­ли­стік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гіне қо­ры­тын­ды алу­ға өті­ніш­ті қа­ра­у­ға бе­ре­ді
мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сіне (аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың және оған па­трон­дар­дың кри­ми­на­ли­стік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гіне қо­ры­тын­ды) қол қо­яды
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті орын­да­у­шы (19 күн­тіз­бе­лік кү­ні)
ұсы­ны­л­ған объ­ек­ті­лер­дің аза­мат­тық және қыз­мет­тiк қа­ру­дың және оған па­трон­дар­дың кри­ми­на­ли­стік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін анық­тау үшін сы­нау жүр­гі­зе­ді, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін дай­ын­дай­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на бе­ре­ді

Қолданыстағы