О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 523 «Об утверждении Правил создания и эксплуатации (применения) космических ракетных комплексов на территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 523 «Об утверждении Правил создания и эксплуатации (применения) космических ракетных комплексов на территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 464
- Қабылданған күні
- 01.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2016 105042_Some(101156).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013996
- ЭКБ идентификаторы
- 105042
- Редакция идентификаторы
- 105042_Some(101156)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:56
0 «Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру жәнепайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12129 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру жәнепайдалану (қолдану) қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ғылыми зерттеулер және ТКЖ;»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Алғыжоба (техникалық ұсыныс)» кезеңіне дейін ҒЗК (ҒЗК бұйымдарын) құру орындылығын негіздеу, олардың конструкциясына және ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерінің сызбасына енгізу жолдарын анықтау бойынша ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметін жүзеге асыруға лицензия негізінде және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми-зерттеу және ТКЖ жүргізіледі.»;
98-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өнеркәсіп ұйымдары пайдаланушы ұйымдармен және ғарыш айлағымен бірлесіп техникалық және бастапқы кешендерде тексеру және іске қосу алдындағы жұмыстардың технологиясын пысықтауы, сондай-ақ олардың 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, ҒЗК бұйымдарының АС және КС өткізуі аяқталады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне (М.М. Молдабеков):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
2016 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экномика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
К. Қасымов
2016 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» ___________