Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 524 «Об утверждении Правил предоставления транспондеров космических аппаратов физическим и (или) юридическим лицам»

Бұйрық · № 483 · қабылданған 14.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-524-ekb-104884/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 524 «Об утверждении Правил предоставления транспондеров космических аппаратов физическим и (или) юридическим лицам» Қолданыста Бұйрық ·№ 483 ·14.06.2016
14.06.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 524 «Об утверждении Правил предоставления транспондеров космических аппаратов физическим и (или) юридическим лицам»

Қолданыста Бұйрық ·№ 483 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 524 «Об утверждении Правил предоставления транспондеров космических аппаратов физическим и (или) юридическим лицам»
Атауы (қаз.)
«Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
483
Қабылданған күні
14.06.2016
Көрсетілген редакция
14.06.2016 104884_100605.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013971
ЭКБ идентификаторы
104884
Редакция идентификаторы
104884_100605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:46

0 «Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға

ғарыш аппараттары транспондерлерін
ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11300 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидасында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне (Е.М. Шаймағамбетов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаменті осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация
министрі
______________________ Д. Абаев
2016 жылғы «___» ___________

Қолданыстағы