О внесении изменений в постановление акимата от 29 апреля 2015 года № 639 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 29 апреля 2015 года № 639 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 639 «Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1480
- Қабылданған күні
- 18.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2020 108397_468480.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NB006757
- ЭКБ идентификаторы
- 108397
- Редакция идентификаторы
- 108397_468480
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:15
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 639 «Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 639 «Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы», орыс тіліндегі атауы өзгермейді;
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Рудный қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «18» қарашадағы
№ 1480 қаулысына
қосымша
Рудный қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «29» сәуірдегі
№ 639 қаулысына
қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
р/р
№
Өлшемшарттардың атауы
Иеліктен айыру түрлері
1
2
3
1.
- Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
- заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
- ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және сауда - саттыққа қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
- мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.
Сауданы аукцион нысанында өткізу
2.
- Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
- сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
- ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
- сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.
Сауданы тендер нысанында өткізу
3.
- Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.
Тікелей атаулы сату