Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 668 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых Аэрокосмическим комитетом Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»

Бұйрық · № 166/НҚ · қабылданған 18.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-668/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 668 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых Аэрокосмическим комитетом Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 166/НҚ ·18.09.2017
26.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 668 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых Аэрокосмическим комитетом Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 166/НҚ · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 668 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых Аэрокосмическим комитетом Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
166/НҚ
Қабылданған күні
18.09.2017
Көрсетілген редакция
26.04.2018 115226_314030.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015837
ЭКБ идентификаторы
115226
Редакция идентификаторы
115226_314030
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:51

0 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11667 тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы»;
аталған бұйрықпен бекітілген «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығымен бекітілген «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11320 тіркелген (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауын (бұдан әрі – өтінім) ұсыну болып табылады.»;
аталған бұйрықпен бекітілген «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығымен бекітілген «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11320 тіркелген (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауын (бұдан әрі – өтінім) ұсыну болып табылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы