О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 7-1/498 «Об утверждении ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований к объектам производства, осуществляющим выращивание, реализацию животных»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 7-1/498 «Об утверждении ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований к объектам производства, осуществляющим выращивание, реализацию животных»
- Атауы (қаз.)
- «Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 400
- Қабылданған күні
- 21.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2023 188709_667622.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033669
- ЭКБ идентификаторы
- 188709
- Редакция идентификаторы
- 188709_667622
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:33
0 «Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда:
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«249. Жануарларды өткізу объектілерінде пайдаланылатын су Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жануарларды өткізу объектісінде шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына арналған орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті көзден алынған суды немесе әкелінген суды қолдануға жол берілмейді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі