Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 «Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил»

Бұйрық · № 74 · қабылданған 26.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-7-1587-ekb-193739/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 «Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил» Қолданыста Бұйрық ·№ 74 ·26.02.2024
26.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 «Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил»

Қолданыста Бұйрық ·№ 74 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 «Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил»
Атауы (қаз.)
«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
74
Қабылданған күні
26.02.2024
Көрсетілген редакция
26.02.2024 193739_688304.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034061
ЭКБ идентификаторы
193739
Редакция идентификаторы
193739_688304
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:00

0 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
2-тарау мынадай мазмұндағы 14-параграфпен толықтырылсын:
«14-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қойылатын талаптар
37-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар) құрамына оларға бекітілген функцияларды орындау үшін қажетті ғимараттар, үй-жайлар мен құрылысжайлар (қосалқы, өндірістік, қоймалық және көмекші) кіреді.
37-2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар аумағында қашалары, өткелектері және жануарларды орнықты ұстауға арналған білдегі бар жеке тұрған ғимараттарда (үй-жайларда) орналастырылады.
Реконструкцияланатын жеке тұрған қоғамдық және әкімшілік ғимараттарда немесе осы ғимараттардың қызметкерлер мен келушілер ғана пайдаланатын жеке кіретін есіктері бар бөліктерінде қашалары, өткелектері және жануарларды орнықты ұстауға арналған білдегі бар болған кезде, оларда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды орналастыруға жол беріледі.
37-3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды:
1) тұрғын ғимараттардың тұрғын емес үй-жайларында, тұрғын ғимараттардың жартылай жертөле және жертөле үй-жайларында;
2) азық-түліктік ішкі сауда объектілері орналасқан, реконструкцияланатын жеке тұрған ғимараттарда орналастыруға жол берілмейді.
37-4. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды салу үшін тегіс, құрғақ, тасқын және нөсер сулар баспайтын жер таңдалады.
37-5. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды салу үшін бұрынғы мал шаруашылығы үй-жайларының, мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), қи сақтау орындары мен ет өңдеу кәсіпорындарының, тері-шикізат кәсіпорындары мен тазарту құрылыстарының орнында учаске таңдауға жол берілмейді.
37-6. Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтуін болдырмау үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың аумағы қоршаумен қоршалады, жалпы пайдаланылатын жолдарға шығатын ішкі өтпе жолдармен (асфальтпен, бетонмен немесе тазалау үшін қолжетімді басқа да қатты жабынмен) қамтамасыз етіледі.
37-7. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар сумен, электр энергиясымен, желдеткішпен, жылумен, Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.
37-8. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар алғашқы өрт сөндіру, алғашқы медициналық көмек құралдарымен (медициналық қобдишалармен) және авариялық пакетпен (құрамында халат, қолғап, қалақ, мақта, дезинфекциялық ерітінді бар) қамтамасыз етіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы