О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 29 апреля 2015 года № 77 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства видов продуктов ее глубокой переработки»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 29 апреля 2015 года № 77 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства видов продуктов ее глубокой переработки»
- Атауы (қаз.)
- «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 31.03.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2022 101025_588519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16G0003017
- ЭКБ идентификаторы
- 101025
- Редакция идентификаторы
- 101025_588519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:50
0 «Ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алатын
ауылшаруашылық өнімдерінің
бірлігіне арналған субсидиялар
нормативтерін бекіту туралы»
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 77 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 маусымында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 31 наурыз
№ 94 қаулысына қосымша
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
№
Ауылшаруашылық өнімінің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (тенге/литр, килограмм)
1.
Сүт шикізаты
Сары май
12,0
2.
Сүт шикізаты
Қатты ірімшік
20,0
3.
Сүт шикізаты
Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майысыздандырылған)
15,0
4.
Қант қызылшасы
Қант
7,0