Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 114 «Об установлении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в сфере государственного градостроительного кадастра»

Бұйрық · № 144 · қабылданған 18.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-114-ekb-130024/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 114 «Об установлении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в сфере государственного градостроительного кадастра» Қолданыста Бұйрық ·№ 144 ·18.03.2019
18.03.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 114 «Об установлении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в сфере государственного градостроительного кадастра»

Қолданыста Бұйрық ·№ 144 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 114 «Об установлении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в сфере государственного градостроительного кадастра»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
18.03.2019
Көрсетілген редакция
18.03.2019 130024_397941.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018427
ЭКБ идентификаторы
130024
Редакция идентификаторы
130024_397941
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:47

0 «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13550 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толықтыру»;
1-тарауда:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Құрылымдарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға (жобалау-іздестіру жұмыстары), кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге, сондай-ақ аумақты инженерлік даярлау, құрылыстарды (объектілерді) абаттандыру және көгалдандыру, консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді, барлық қосымшаларын қоса алғанда (жер учаскесін таңдау акті, бас жоспардан көшірме, ахуалдық схемасы және басқалар)), кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге арналған рұқсат беру құжаттамасы
17 230
»;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Инженерлік коммуникациялардың атқарушылық геодезиялық схемасы
6 463
»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру»;
2-тарауда:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Құрылымдарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға (жобалау-іздестіру жұмыстары), кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге, сондай-ақ аумақты инженерлік даярлау, құрылыстарды (объектілерді) абаттандыру және көгалдандыру, консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді, барлық қосымшаларын қоса алғанда (жер учаскесін таңдау акті, бас жоспардан көшірме, ахуалдық схемасы және басқалар), кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге арналған рұқсат беру құжаттамасы
1 723
»;
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
Атқарушылық техникалық құжаттама
646
»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Графикалық материалдарды интеграциялау және цифрлық
жоспарлық негіз құру. Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобаларына және олардың регламенттеріне
арналған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараты»;
3-тарауда:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
1:500
0,25
1 424
1 215,8
2 675
3 343
5 346
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
1:2000
0,25
810,6
1 215,8
1 621,1
3 987
4 458,0
»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Инженерлік коммуникацияларды түгендеу»;
4-тарауда;
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Масштабы 1:500 жоспар жасай отырып, құрылыс салынған аумақтарда жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу
26 752
40 102
66 832
2
Масштабы 1:500 жоспар жасай отырып, құрылыс салынбаған аумақтарда жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу
8 105,5
12 158,3
16 211,1
».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы