Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»

Бұйрық · № 682 · қабылданған 11.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-122-ekb-127052/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование» Қолданыста Бұйрық ·№ 682 ·11.12.2018
11.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»

Қолданыста Бұйрық ·№ 682 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»
Атауы (қаз.)
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгер
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
682
Қабылданған күні
11.12.2018
Көрсетілген редакция
11.12.2018 127052_378625.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017944
ЭКБ идентификаторы
127052
Редакция идентификаторы
127052_378625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:07

0

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар контингентін жинақтауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі жүргізеді.
Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурс өткізеді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін орта білім беру ұйымдарының құжаттарын қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырады:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейін;
2) оқу жылы ішінде – республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі дербес түрде белгілейтін мерзімде.
Орта білім беру ұйымы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасына, қаланың (ауданның) білім бөліміне ұсынады:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;
2) оқу жылы ішінде – республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі дербес түрде белгілейтін мерзімде.
Орта білім беру ұйымы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) жарғы көшірмесі;
5) екінші деңгейлі банктерден берілетін берешектерінің болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
6) «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурсты өткізу мерзімдерін белгілейді:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей;
2) оқу жылы ішінде – дербес түрде.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген

іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы