Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»

Бұйрық · № 136 · қабылданған 09.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-122-ekb-141589/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование» Қолданыста Бұйрық ·№ 136 ·09.04.2020
09.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»

Қолданыста Бұйрық ·№ 136 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»
Атауы (қаз.)
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгер
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
136
Қабылданған күні
09.04.2020
Көрсетілген редакция
09.04.2020 141589_458024.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020364
ЭКБ идентификаторы
141589
Редакция идентификаторы
141589_458024
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:06

0

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 наурызда № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда «Егемен Қазақстан» № 96 (28824), «Казахстанская правда» № 96 (28222) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы кадрларға салалық және өңірлік қажеттілікті ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында орналастырылады.»;
14-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.»;
15-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құрамын ЖАО бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган болып табылады.
Уәкілетті орган тиісті кезеңге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында орналастырады.»;
16-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«16. ЖАО конкурсты өткізу мерзімін анықтайды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына салалық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның төрағасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
Комиссия құрамын ЖАО бекітеді.»;
18-тармақ алынып тасталсын;
19-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«19. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы келесі құжаттар топтамасын ұсынады:
көрсетілетін қызметтерді алушылар (не сенімхат бойынша оның өкіліне) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасағанда:
1) Комиссия төрағасының атына жазылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер.»;
порталға өтініш жасаған кезде:
1) Комиссия төрағасының атына жазылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің электрондық көшірмесі;
2) мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес Cтандартта келтірілген.
Конкурсқа мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары жіберілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4 және 19-5 тармақтармен толықтырылсын:
«19-1. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасалған жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
19-2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
1) Жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкер қабылдаған сәттен бастап, 2 (екі) жұмыс күні барысында ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қарастыру туралы қағаз жүзінде немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелдi жауап жолдайды.
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға білім беру ұйымдарында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны еркін нысанда жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
19-3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
19-4. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының
11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
19-5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтініші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын анықтағанда Комиссия келесі шарттарды басшылыққа алады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
2) білім беруді басқару органдарының сұранысы бойынша Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы (МЗТО) растаған өтініш білдірген мамандықтар бойынша бітірушілердің 50%-дан кем емес (жаңа мамандықтарды қоспағанда) жұмысқа орналасуы;
3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және мүдделі органдар ұсынған еңбек нарығының қажеттілігі.
21. Комиссия Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып:
- конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын анықтау бойынша;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдайды.
Комиссия сондай-ақ тиісті мамандық бойынша білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бітірушілер үшін конкурстық негізде орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселесін қарайды және шешім қабылдайды.
Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және комиссия төрағасы қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия отырысын өткізу кезінде отырыстың аудио (бейне) жазбасы жүзеге асырылады.
Комиссия шешімдерінің негізінде ЖАО-ның қаулысымен күнтізбелік жылдың 20 мамырына дейін осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесі бекітіледі.»;
осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес 14, 15, 16,
17-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Мыналардың:

1 1) «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №115037 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қазанда жарияланған);

2

2) «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 593 бұйрығының
(ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 116890 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы өтінішінің нысаны (білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына
3-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы өтінішінің нысаны (білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)
Комиссия төрағасына
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және конкурсты өткізу шарттарымен танысып
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
_______ж. «___»______ №_________ білім беру қызметін жүргізу құқығына
берілетін лицензиясына сәйкес__________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мамандықтардың, біліктіліктің коды, атауы, орын саны, оқыту тілі, 9/11, ТжКБ базасында)
мамандықтары бойынша уәкілетті орган және ЖАО өткізетін конкурсқа қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйым басшысы ___________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда)
Толтырылған күні
М.О.

2 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына
4-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші туралы мәліметтер
1
2
3
4
5
6
7
8
Ко­ды
Ма­ман­дық­тың ата­уы
Бі­ті­ру­ші­лер­дің са­ны
Жұ­мысқа ор­на­ласқан­дар­дың са­ны
%
Мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша бі­ті­ру­ші­лер са­ны
Жұ­мысқа ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша бі­ті­ру­ші­лер­дің са­ны
%
Ұйым басшысы ______________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.

3 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына
14-қосымша
«Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бiлiм­нен кей­iн­гi бі­лі­мі бар кадр­лар­ды да­яр­ла­у­ға мем­ле­кет­тік бiлiм бе­ру тап­сы­ры­сын ор­на­ла­сты­ру бой­ын­ша кон­кур­сқа құ­жат­тар қа­был­дау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты, Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі (қол­же­тім­ді­лік ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) және «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы» (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар топ­та­ма­сын Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 5 жұ­мыс кү­ні.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш жа­са­ған­да қа­был­дау кү­ні қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на дей­ін бір тәу­лік­тен ке­шік­тір­мей жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді.
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат бе­рі­ле­тін ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут;
3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат бе­рі­ле­тін ең ұзақ уа­қы­ты– 20 ми­нут;
Қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз жү­зін­де/элек­трон­дық түр­де
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да тех­ни­ка­лық, кә­сіп­тік және ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі бар кадр­лар­ды да­яр­ла­у­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сын ор­на­ла­сты­ру бой­ын­ша кон­кур­сқа құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ба­ры­сын­да қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және оны алу тә­сіл­де­рі болған жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да қа­рас­ты­ры­л­ған
Мем­ле­кет­тік қыз­мет заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) те­гін көр­се­ті­ле­ді.
Жұ­мыс кесте­сі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ге дей­ін;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз, «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды.
3) пор­тал­да - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы және анық­та­ма­лық қыз­мет­тік те­ле­фон­да­ры:
1) бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның: www.​gov4с.kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Құ­жат­тар тіз­бе­гі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш жа­са­ған­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар топ­та­ма­сы:
1) Ко­мис­сия тө­ра­ға­сы­ның аты­на жа­зы­л­ған осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) ма­ман­дық­тар бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ы­мын бі­ті­ру­ші­лер­дің жұ­мысқа ор­на­ла­су көр­сет­кіш­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.»;
пор­тал­ға өті­ніш жа­са­ған кез­де:
1) Ко­мис­сия тө­ра­ға­сы­ның аты­на жа­зы­л­ған осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
2) ма­ман­дық­тар бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ы­мын бі­ті­ру­ші­лер­дің жұ­мысқа ор­на­ла­су көр­сет­кіш­те­рі ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз­де­ме­лер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­ды ны­сан­да көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777 ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гіне ие.

4 ________ оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына
15-қосымша
________ оқу жылына арналған
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бiлiм­нен кей­iн­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын жү­зе­ге асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы
Ко­ды
Ма­ман­дық ата­уы
Оқы­ту ті­лі
9-сы­нып ба­за­сын­да (орын са­ны)
11-сы­нып ба­за­сын­да
(орын са­ны)
Оқы­ту ті­лі
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ба­за­сын­да
Оқы­ту ті­лі

5 Конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына
16-қосымша
Конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
тізбесі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бiлiм­нен кей­iн­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы
Ко­ды
Ма­ман­дық ата­уы
9-сы­нып ба­за­сын­да (орын са­ны)
Оқы­ту ті­лі
11-сы­нып ба­за­сын­да
(орын са­ны)
Оқы­ту ті­лі
Оқы­ту ті­лі
Ма­ман­дық бой­ын­ша жо­ба­лық қу­ат­ты­лы­ғы

6 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына
17-қосымша
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2013 жылғы 15 сәуірдегі 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №______бөлімі (мекенжай көрсету керек) «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге» Сіздің тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбағандықтан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Ұсынылмаған құжаттардың атаулары:

1 1) _______________________________________;

2 2) _______________________________________;

Нақты қолхат 2 (екі) данада құрастырылған, әр тарапқа бір данадан
_________________________________________ ________________________
(қолы)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ж. (бар болғанда)
_________________________________________ __________________________
(Қызмет берушінің Т.А.Ж. (бар болғанда) (қолы)
Алдым: ________________________________ ____________________________
(Қызметті алушының Т.А.Ж. (бар болғанда) (қолы)
«___» _________ 20__ жыл.

Қолданыстағы