Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»

Бұйрық · № 463 · қабылданған 28.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-122-ekb-147885/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование» Қолданыста Бұйрық ·№ 463 ·28.10.2020
28.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»

Қолданыста Бұйрық ·№ 463 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование»
Атауы (қаз.)
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгер
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
463
Қабылданған күні
28.10.2020
Көрсетілген редакция
28.10.2020 147885_489055.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021529
ЭКБ идентификаторы
147885
Редакция идентификаторы
147885_489055
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:06

0

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 13418 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.
Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің көлемін мынадай жағдайда қаржыландырады:
1) қалмай мектепке дейінгі ұйымға үнемі баратын балаларға;
2) мектепке дейінгі ұйымда үш жұмыс күні ішінде жоқ болған балаларға;
3) баланың ауруы, медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі, сауықтырылуы (анықтама берілгенде), ата-аналарының біреуіне (баланың заңды өкіліне) еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы (өтініші болған кезде) себептері бойынша жоқ болған балаларға.
Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде қаржыландырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 5 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы