О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 123 «Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих в сфере образования и науки»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 123 «Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих в сфере образования и науки»
- Атауы (қаз.)
- «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 16.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2025 214454_783317.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25HP000215
- ЭКБ идентификаторы
- 214454
- Редакция идентификаторы
- 214454_783317
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:16
0 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 13181 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
D-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«
D
Техникалық орындаушылар:
архивариус; ассистент; бақылаушы; білім беру ұйымдарындағы жеке көмекші; диспетчер; дыбыстық, трансляциялық техникаға, телевизиялық және дизель жабдықтарына қызмет көрсететін механик; есеп жүргізуші; есепші; іс жүргізуші; кассир; кезекші әкімші; комендант; көшіру-көбейту машиналарының, жарық аппаратурасының, байланыс жүйелерінің, қауіпсіздік қызметінің, бейнежазба, дыбысжазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеуіш машиналардың, компьютерлік ұрылғыларға қызмет көрсету, диспетчерлік қызметтің операторы; күзетші; медбикенің көмекшісі; мұражай қараушысы; оқу бөлімінің хатшысы; паспортшы; рұқсаттама бюросының кезекшісі; статистик; стенограф; стенограф-хатшы; суфлер; табельші; тәрбиешінің көмекшісі; тіркеуші; фельдъегерь; экспедитор; экспонат сақтаушысы; хатшы.
».
2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;