О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 сентября 2016 года № 179 «Об утверждении Правил выпуска, реализации государственных знаков почтовой оплаты и филателистической продукции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 сентября 2016 года № 179 «Об утверждении Правил выпуска, реализации государственных знаков почтовой оплаты и филателистической продукции»
- Атауы (қаз.)
- «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 29 қыркүйектегі № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267/НҚ
- Қабылданған күні
- 28.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2025 210849_762775.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036168
- ЭКБ идентификаторы
- 210849
- Редакция идентификаторы
- 210849_762775
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:10
0 «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 29 қыркүйектегі № 179 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14377 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларында 1-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Респубикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 78) тармақшасына және Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі – ДПО) актілеріне сәйкес әзірленді және:».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.