О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 190 «Об утверждении Правил и условий выплаты доплат работникам организаций физической культуры и спорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 190 «Об утверждении Правил и условий выплаты доплат работникам организаций физической культуры и спорта»
- Атауы (қаз.)
- «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 15.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2020 142956_463025.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020656
- ЭКБ идентификаторы
- 142956
- Редакция идентификаторы
- 142956_463025
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:30
0 «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының
жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу
қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы № 190
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13963 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі»;
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосымша ақылар мөлшерлері спорттық жарыстардың хаттамаларымен расталған спортшылардың нәтижелері негізінде белгіленеді.»;
9-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік жаттықтырушыға, бас жаттықтырушыға, аға жаттықтырушыға, аға жаттықтырушы-оқытушыға, әдіскерге, нұсқаушыға 100%-ға дейін;»;
келесі редакцияда 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) команда бастығына, нұсқаушы-спортшыға, инспекторға, менеджерге, баспасөз хатшысына 60%-ға дейін.»;
3-параграф алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қосымша ақыларды төлеу шарттары»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. 1 және 2-қосымша ақыларды төлеу ұйым спортшыларының республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда көрсеткен нәтижелерінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.»;
21-тармақ алып тасталсын.