О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 191 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов организаций физической культуры и спорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 191 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов организаций физической культуры и спорта»
- Атауы (қаз.)
- «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 315
- Қабылданған күні
- 03.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2019 136706_429808.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019691
- ЭКБ идентификаторы
- 136706
- Редакция идентификаторы
- 136706_429808
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:33
0 «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексі» (бұдан әрі – Салық кодексі);».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі