О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 193 «Об утверждении Правил и условий выплаты доплат работникам организаций культуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 193 «Об утверждении Правил и условий выплаты доплат работникам организаций культуры»
- Атауы (қаз.)
- «Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 366
- Қабылданған күні
- 29.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2020 151157_504306.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000022008
- ЭКБ идентификаторы
- 151157
- Редакция идентификаторы
- 151157_504306
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:18
0 «Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14057 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақыны белгілеу мемлекеттік кәсіпорынның тиісті қаржы жылына бекітілген даму жоспарындағы еңбекке ақы төлеу қоры есебінен және қор шегінде жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.