Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности в отношении оператора лотереи»

Бұйрық · № 144 · қабылданған 27.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-195-18-2016-no-323-ekb-228458/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности в отношении оператора лотереи» Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 144 ·27.07.2026
27.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности в отношении оператора лотереи»

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 144 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности в отношении оператора лотереи»
Атауы (қаз.)
«Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
144
Қабылданған күні
27.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2026
Көрсетілген редакция
27.07.2026 I228458_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039483
ЭКБ идентификаторы
228458
Редакция идентификаторы
I228458_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:33

0

«Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14142 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген лотерея және лотерея қызметінің операторына арналған Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттарында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.»;
1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежелері»;
1-қосымшаның 30-реттік нөмірдегі жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
30
Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде үш пайызын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, креативті индустрияларды дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлғаға креативті индустрияларды дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберу міндеттерін сақтамауы
өрескел
»;
Аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес лотерея операторының Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтауына қатысты тексеру парағы»
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«_________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы»;
29-реттік нөмірдегі жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
29
Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде үш пайызын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, креативті индустрияларды дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлғаға креативті индустрияларды дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберуміндеттерін сақтамауы
».

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бірлескен бұйрықта 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды;

4

4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті

Қолданыстағы