О внесении изменений в решение маслихата Байганинского района от 29 февраля 2016 года № 214 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Байганинского района от 29 февраля 2016 года № 214 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 31.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2023 171672_654834.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22CD029518
- ЭКБ идентификаторы
- 171672
- Редакция идентификаторы
- 171672_654834
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:22
0 Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4821 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасыгың «Ардагерлер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында (бұдан әрі - Заң) көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
9 тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;»;
11 тармақ алынып тасталсын.
14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Біржолғы әлеуметтік көмек:
1) Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
еңбек ардагерлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
2) мүгедектігі бар адамдарға, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.».