О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2016 года № 23 «Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2016 года № 23 «Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 29.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2020 116867_476482.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NT007393
- ЭКБ идентификаторы
- 116867
- Редакция идентификаторы
- 116867_476482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:05
0 Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6349 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:
16- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген болса;
2) оларды өткiзу кезінде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарымен көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Федоров ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.»;
жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Федоров ауданының ішкі
саясат бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ А. Қойшибаева
«29» қарашадағы 2017 жыл
3 Жиналыстар және митингілер өткізу орындары
Мәслихаттың
2017 жылғы «29» қарашадағы
№ 183 шешіміне 1-қосымша
Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 1-қосымша
Жиналыстар және митингілер өткізу орындары
№ р/с
Жиналыстар және митингілер өткізу орындары
1
Федоров ауылы, Легкодухов көшесіндегі орталық алаңына кіре берісте
4 Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
Мәслихаттың
2017 жылғы «29» қарашадағы
№ 183 шешіміне 2-қосымша
Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 2-қосымша
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ р/с
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
1
Федоров ауылы, Легкодухов көшесіндегі орталық алаңына кіре беріс - Красноармейская көшесі - Набережная көшесі - Юнацкий көшесі - Легкодухов көшесі - орталық алаңына кіре беріс