О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 февраля 2016 года № 245 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 февраля 2016 года № 245 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 14.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2020 131631_450007.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CE006150
- ЭКБ идентификаторы
- 131631
- Редакция идентификаторы
- 131631_450007
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:58
0 Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4807 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:
2 тармағынын 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз ауданының бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);»;
8 тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;
9 тармағынын 7) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«7) көп балалы отбасыларға, 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
9 тармағынын 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«9) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
16 тармағының бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне, әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз аудандық бөлімінің не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, Ырғыз ауданы әкімі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».