О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2016 года № 255 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на хлопок-волокно»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2016 года № 255 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на хлопок-волокно»
- Атауы (қаз.)
- «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 746
- Қабылданған күні
- 18.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2021 159560_542119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000746
- ЭКБ идентификаторы
- 159560
- Редакция идентификаторы
- 159560_542119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:20
0 «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 255 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Мақта талшығының мәміле бағасы қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасынан 10 пайыздан артық ауытқымауы тиіс.
Нарықтық баға мен жол беріледі ауытқу арасындағы айырмашылық мәміле бағасынан төмен немесе оған тең болған ((МБ ≥ НБ – ЖА)) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілген деп танылады. Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырма мәміле бағасынан жоғары болған (МБ < НБ – ЖА) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілмейді деп танылады, мұнда:
МБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының мәміле бағасы;
НБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының нарықтық бағасы;
ЖА – 10 %-ға тең жол берілетін ауытқу.».