Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 марта 2016 года № 294 «Об утверждении Правил оформления акта об отборе проб и его формы»

Бұйрық · № 240 · қабылданған 12.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-294/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 марта 2016 года № 294 «Об утверждении Правил оформления акта об отборе проб и его формы» Қолданыста Бұйрық ·№ 240 ·12.04.2023
12.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 марта 2016 года № 294 «Об утверждении Правил оформления акта об отборе проб и его формы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 240 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 марта 2016 года № 294 «Об утверждении Правил оформления акта об отборе проб и его формы»
Атауы (қаз.)
«Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
240
Қабылданған күні
12.04.2023
Көрсетілген редакция
12.04.2023 179814_632290.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032312
ЭКБ идентификаторы
179814
Редакция идентификаторы
179814_632290
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:54

0 «Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13636 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сынамаларды іріктеу туралы акті техникалық құралмен немесе қара немесе көк түсті сиямен айқын көрінетін жазбамен мынадай күйде толтырылады.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 1-тармағында жалпы мәліметтер көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның атауы;
сынамаларды іріктеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы;
сынамаларды іріктеу кезінде қатысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс орны;
сынамаларды іріктеуді жүзеге асыратын нормативтік техникалық құжаттың атауы;
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының орналасқан жері;
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының бағытталатын маршруты.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында сынамаларды іріктеу туралы шарты және қолданылған техникалық құрылғы туралы мәліметтер толтырылады.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында іріктелген сынамалар туралы мәліметтен тұратын кесте толтырылады:
1-бағанда – іріктелген сынаманың реттік нөмірі;
2-бағанда – құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының атауы;
3-бағанда – іріктелген сынаманың грамдық өлшемдегі салмағы;
4-бағанда – сынаманың жеке нөмірі;
5-бағанда – қаптама түрі.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 4-тармағында тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетілген қатысушы адамның ескертулері туындаған жағдайда белгіленеді.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 5-тармағында мыналар қойылады:
қатысушы адамдардың, сондай-ақ сынамаларды іріктеу туралы актіні дайындаған адамның лауазымдары, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып қолдары қойылады;
сынамаларды іріктеу туралы актіні дайындау күні;
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның мөрі;
сынамаларды іріктеу туралы актінің данасын алған адамның қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және дананы алған күні көрсетіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сынамаларды іріктеу актісі үш данада дайындалады:
бірінші данасы – Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаға ұсынылады;
екінші данасы – уәкілетті ұйымға ұсыну үшін;
үшінші данасы – уәкілетті органға ұсыну үшін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сынамаларды іріктеу туралы акті нысанын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Сынамаларды іріктеу туралы акті

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 240 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 294 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Сынамаларды іріктеу туралы акті
20____ ж. «____» ___________
№___________
1. __________________________________________________________________.
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар
шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның атауы
____________________________________________________________________
сынамаларды іріктеген адамның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), лауазымы
__________________________________________________________қатысуымен
жұмыс орны, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидасына және құрамында
бағалы металдары бар шикізат тауарларының сынамалардын іріктеу нормасын
олардың өкілділігін қамтитын ең аз көлемдегі санын белгілейтін
__________________________________________________________
нормативтік техникалық құжаттың атауы
нормативтік техникалық құжатқа сәйкес, ______________ __________________
мемлекетінен мемлекетіне бағытталған,
____________________________________________________________________
уақытша сақтау қоймасында, вагонда, т.б.
орналасқан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларына сынамаларды
іріктеу жүргізілді.
2. Сынамаларды іріктеу____________________________________________және
бұлтты/ашық күнді ауа райында
____________________________________ жағдайында жүргізілді.
табиғи/жасанды жарықтандыру кезінде
Сынамаларды іріктеу кезінде ___________________________________________
техникалық құралдың атауы техникалық құралы қолданылды.
3. Осы акті бойынша құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының
сынамалары іріктелді:
№ р/н
Құ­ра­мын­да ба­ға­лы ме­тал­да­ры бар ши­кі­зат та­у­ар­ла­ры­ның ата­уы
Сы­на­ма­ның сал­ма­ғы, грамм
Сы­на­ма­ның же­ке нө­мі­рі
Орау тү­рі
1
2
3
4
5
4. Қатысқан адамның ескертуі:__________________________________
ескертудің мазмұны, ескерту
____________________________________________________________________.
адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
5. Акт үш данада дайындалды.
Қатысқан (болған) адамдардың қолдары:
______________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы қолы
Актіні дайындаған:
______________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы қолы
МО 20____ж.«____»_______________
актіні дайындау күні
Осы актінің данасын алдым:
_____________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы қолы

Қолданыстағы