Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 29 апреля 2016 года № 36 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Актобе»

Өзге акт · № 587 · қабылданған 09.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-36/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 29 апреля 2016 года № 36 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Актобе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 587 ·09.10.2020
06.06.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 29 апреля 2016 года № 36 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Актобе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 587 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 29 апреля 2016 года № 36 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Актобе»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
587
Қабылданған күні
09.10.2020
Көрсетілген редакция
06.06.2022 147716_581173.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CA007552
ЭКБ идентификаторы
147716
Редакция идентификаторы
147716_581173
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:23

0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4939 тіркелген, 2016 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы»;
кіріспеде:
«және 704-бабының 3-тармағына» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес он есеге арттырылсын.».

2 2. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы