О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 29 июня 2016 года № 37 «О социальной поддержке по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района»"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 29 июня 2016 года № 37 «О социальной поддержке по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района»"
- Атауы (қаз.)
- Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 «Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 334
- Қабылданған күні
- 26.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2022 138589_580531.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VQ006504
- ЭКБ идентификаторы
- 138589
- Редакция идентификаторы
- 138589_580531
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:01
0
Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 «Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50- бабы 2-тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 «Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4615 тіркелген, «Ұлан таңы» газетінде 2016 жылғы 12 тамыздағы № 35 санында, 2016 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағының үшінші азат жолы келесі редакцияда жызылсын:
«Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге мөлшерінде көрсетіледі.»;
1.1 тармақтағы 2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне еркін түрде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 – тармағына сәйкес құжаттарды береді;».