О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 39 «О создании некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан»
Қолданыста
Қаулы
·№ 210
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 39 «О создании некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 20.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2024 194628_690468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000210
- ЭКБ идентификаторы
- 194628
- Редакция идентификаторы
- 194628_690468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:28
0 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.».