О внесении изменения в постановление акимата Железинского района от 29 февраля 2016 года № 40/3 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Железинского района от 29 февраля 2016 года № 40/3 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 40/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/2
- Қабылданған күні
- 30.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2019 109637_431691.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PF005370
- ЭКБ идентификаторы
- 109637
- Редакция идентификаторы
- 109637_431691
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:20
0
Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 40/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 40/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурыздағы ауданның № 11 «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары К.Б. Кималиденовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «30» қаңтардағы
№ 21/2 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
р/с
№
Атауы
1
Аудандық жергілікті атқарушы органмен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2
Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар