О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 сентября 2016 года № 408 «Об утверждении Положения о Комитете лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 сентября 2016 года № 408 «Об утверждении Положения о Комитете лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 407
- Қабылданған күні
- 02.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2018 125291_361151.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G18F0000407
- ЭКБ идентификаторы
- 125291
- Редакция идентификаторы
- 125291_361151
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:01
0
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы
29 қыркүйектегі № 408 бұйрығына (2016 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелер тізбесінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесінде:
1-тарауда:
15-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29 және 30-тармақтармен толықтырылсын:
«29. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
30. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
2-тарауда:
4-тармақ мынадай редакциямен жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».