Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение от 29 августа 2016 года № 49 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 64 · қабылданған 02.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-49/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение от 29 августа 2016 года № 49 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 64 ·02.12.2016
04.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение от 29 августа 2016 года № 49 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 64 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение от 29 августа 2016 года № 49 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2016 жылғы 29 тамыздағы № 49 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
02.12.2016
Көрсетілген редакция
04.12.2017 108496_276277.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NB006767
ЭКБ идентификаторы
108496
Редакция идентификаторы
108496_276277
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:06

0 Мәслихаттың 2016 жылғы 29 тамыздағы № 49 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың 2016 жылғы 29 тамыздағы № 49 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6626 номірімен тіркелген, 2016 жылғы 7 қазанда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оқу орындарында алғашқы техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алумен байланысты оқуды төлеу үшін мына тұлғаларға:
оқудың нақты құны бойынша шығындарды өтеу үшін жүгінгенге дейінгі соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен отбасылардағы жастарға;
оқудың нақты құны бойынша шығындарды өтеу үшін, табыстарын есептемегенде, әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын (балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес отбасылар) және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын жастарға;
нақты құны бойынша оқуды төлеу үшін, табыстарын есептемегенде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынысы бойынша барлық санаттағы мүгедектерге.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынысы бойынша білім алатын оқуды төлеуге арналған әлеуметтік көмекті алған барлық санаттағы мүгедектер әлеуметтік көмек тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне оқудың нақты құнын төлеу туралы құжатты береді.
Әлеуметтік көмек 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде, оқу жылы ішінде екі бөлініп төленеді;»;
37-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«37. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Е-Собес» немесе «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорларын пайдалана отырып жүргізеді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Рудный қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ С. Костина
02.12.2016 жыл

Қолданыстағы