О внесении изменения в решение Аршалынского районого маслихата от 29 января 2016 года № 49/4 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Аршалынского районого маслихата от 29 января 2016 года № 49/4 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 49/4 «Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/4
- Қабылданған күні
- 22.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2018 101940_376904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BD005327
- ЭКБ идентификаторы
- 101940
- Редакция идентификаторы
- 101940_376904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:28
0 Аршалы аудандық мәслихатының
2016 жылғы 29 қаңтардағы № 49/4
«Аршалы ауданында тұратын
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің тәртібі мен мөлшерін
айқындау туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығына сәйкес, Аршалы аудандык мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аршалы аудандық мәслихатының «Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 49/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5263 тіркелген, 2016 жылдың 4 наурызында аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2016 жылдың 4 наурызында аудандық «Вперёд» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақшасы шешімінің қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, «Тұрғын-үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Аршалы аудандық бөлімінің филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі
2016 жылғы 22 сәуір А. Тайжанов