Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 29 июня 2016 года № 5/21-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Туркестан»

Ереже · № 27/144-VI · қабылданған 09.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-521-vi/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 29 июня 2016 года № 5/21-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Туркестан» Күшін жойған Ереже ·№ 27/144-VI ·09.02.2018
27.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 29 июня 2016 года № 5/21-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Туркестан»

Күшін жойған Ереже ·№ 27/144-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 29 июня 2016 года № 5/21-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Туркестан»
Атауы (қаз.)
Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/21-VI «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27/144-VI
Қабылданған күні
09.02.2018
Көрсетілген редакция
27.03.2020 118672_451795.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UD004452
ЭКБ идентификаторы
118672
Редакция идентификаторы
118672_451795
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:52

0 Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/21-VI «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және 2-3 тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №5/21-VI «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3778 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі «Түркістан» газетінде және 2016 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 7 мамыр «Отан қорғаушы күніне» орай:
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

2 2. «Түркістан қалалық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы