Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 29 февраля 2016 года № 62 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов»

Қаулы · № 294 · қабылданған 12.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-62/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 29 февраля 2016 года № 62 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов» Күшін жойған Қаулы ·№ 294 ·12.11.2019
27.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 29 февраля 2016 года № 62 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов»

Күшін жойған Қаулы ·№ 294 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 29 февраля 2016 года № 62 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов»
Атауы (қаз.)
«Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
294
Қабылданған күні
12.11.2019
Көрсетілген редакция
27.10.2021 135938_544185.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19S0005643
ЭКБ идентификаторы
135938
Редакция идентификаторы
135938_544185
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:54

0 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20-бабы 17-3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына (2016 жылғы 19 сәуір «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3675 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы «__» _______
№ ___ қаулысына
қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілу
және жинақталу нормаларын есептеу
қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті
Есептік бірлік
1
2
3
1.
Абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер
1 тұрғын
2.
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
3.
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
4.
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
5.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
6.
Емханалар
1 келіп кету
7.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
8.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
9.
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
10.
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
11.
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
12.
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
13.
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
14.
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңының 1 шаршы метрі
15.
Машиналардан сату
сауда орнының 1 шаршы метрі
16.
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
сауда алаңының 1 шаршы метрі
17.
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
18.
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
19.
Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
20.
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
21.
Жағажайлар
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
22.
Дәріханалар
сауда алаңының 1 шаршы метрі
23.
Автотұрақтар, автокөлікті жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар
1 машина-орын
24.
Автокөлік шеберханалары
1 жұмысшы
25.
Гараж кооперативтері
1 гаражға
26.
Шаштараздар, сұлулық салондары
1 жұмыс орны
27.
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
28.
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
29.
Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
30.
Моншалар, сауналар
жалпы алаңының 1 шаршы метрі
31.
Қаланың аумағында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар
1000 қатысушылар
32.
Бағбандық кооперативтері
1 учаске

Қолданыстағы