Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи»

Бұйрық · № 174/НҚ · қабылданған 05.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-65-ekb-142786/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи» Қолданыста Бұйрық ·№ 174/НҚ ·05.05.2020
05.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 174/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи»
Атауы (қаз.)
«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
174/НҚ
Қабылданған күні
05.05.2020
Көрсетілген редакция
05.05.2020 142786_460906.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020634
ЭКБ идентификаторы
142786
Редакция идентификаторы
142786_460906
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:36

0 «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Пошталық ақша аударымдары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»
2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес басқа валюталарда қабылданады.
Пошталық ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру кезінде жөнелтуші (алушы) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
19-бабының талаптарына сәйкес қосымша мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.»;
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«115. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орындарында 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдары тексеріп қарайды.»;
181-тармақта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Қазақстан Республикасы облыстарының әкімдері.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы