Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи»

Бұйрық · № 345/НҚ · қабылданған 23.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-65-ekb-146795/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи» Қолданыста Бұйрық ·№ 345/НҚ ·23.09.2020
23.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 345/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 65 «Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи»
Атауы (қаз.)
«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
345/НҚ
Қабылданған күні
23.09.2020
Көрсетілген редакция
23.09.2020 146795_483095.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021306
ЭКБ идентификаторы
146795
Редакция идентификаторы
146795_483095
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:40

0 «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі № 57 бұйрығымен бекітілген Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14154 болып тіркелген).»;
12-тарау мынадай мазмұндағы 5-параграфпен толықтырылсын:
«5-параграф. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер
186. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде берілген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін уәкілетті органдар пошта қызметін тоқтата тұратын немесе шектейтін шешімдер қабылдаған кезде, пошта операторлары осындай шешімдерден туындайтын белгіленген талаптарды сақтай отырып, пошта байланысы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
187. Пошта операторлары өз қызметкерлерінің, сондай-ақ пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде пошта байланысы қызметтерін ұсыну және пошта жөнелтімдерін жіберу жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.»

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы