Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 66 «Об утверждении Правил по присвоению почтовых индексов в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 376/НҚ · қабылданған 06.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-66-ekb-172807/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 66 «Об утверждении Правил по присвоению почтовых индексов в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 376/НҚ ·06.10.2022
06.10.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 66 «Об утверждении Правил по присвоению почтовых индексов в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 376/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 66 «Об утверждении Правил по присвоению почтовых индексов в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
376/НҚ
Қабылданған күні
06.10.2022
Көрсетілген редакция
06.10.2022 172807_597028.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030149
ЭКБ идентификаторы
172807
Редакция идентификаторы
172807_597028
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:35

0 «Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 66 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларда:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) пошта индексi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында жылжымайтын мүлік объектiлерiне оларды әкiмшілік-аумақтық сәйкестендіру және жүйелендіру үшін берiлетiн, мекенжайдың шартты цифрлық және әріптік белгiленуі;
2) Ұлттық пошта операторы – Заңда көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;
3) пошта саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының аумағында өз құзыретi шегiнде пошта байланысы саласында мемлекеттiк саясатты, мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ұлттық пошта операторы және пошта операторлары пошта жөнелтілімдерін жіберуді жүзеге асыру үшін пошта қызметінде пошта индекстерін пайдаланады.
Ұлттық пошта операторы жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының пошта индекстерінің бірыңғай базасына кіру мүмкіндігін уәкілетті органның интернет-ресурсында және меншікті https://api.post.kz веб-сайтында пошта индекстерін орналастыру арқылы ақысыз негізде ұсынады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы