Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 69 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата, а также утверждении Правил применения мер раннего реагирования и методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата»

Қаулы · № 259 · қабылданған 22.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-69/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 69 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата, а также утверждении Правил применения мер раннего реагирования и методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата» Күшін жойған Қаулы ·№ 259 ·22.12.2017
28.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 69 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата, а также утверждении Правил применения мер раннего реагирования и методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата»

Күшін жойған Қаулы ·№ 259 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 69 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата, а также утверждении Правил применения мер раннего реагирования и методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка и банковского конгломерата»
Атауы (қаз.)
«Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
259
Қабылданған күні
22.12.2017
Көрсетілген редакция
28.12.2018 117747_386895.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016232
ЭКБ идентификаторы
117747
Редакция идентификаторы
117747_386895
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:37

0

«Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13606 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларында және банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiмен, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiмен (бұдан әрі – № 170 нормативтер) белгіленген буферлерді есепке ала отырып, банктің меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициенттері меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен төмен болған жағдайда банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын;»;
9-тармақта:
1)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатарынан 6 (алты) ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің № 170 нормативтерде белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге 2 (екі) және одан көп рет төмендеуі;»;
3) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«МК (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы № 170 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал;»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 7) тармақшасының талаптары негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1) негізгі капитал жеткіліктілігінің 0,10 коэффициентіне тең немесе төмен болатын немесе № 170 нормативтерде белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k2) меншікті капитал жеткіліктілігінің 0,13 коэффициентіне тең немесе төмен болатын банкке қолданылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларында және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:
6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің есепті тоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндері және есептеу әдістемесімен (бұдан әрі – № 309 нормативтер) белгіленген банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен азайту;
2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің есепті тоқсанда № 309 нормативтерде белгіленген банк конгломератының бір қарыз алушысына шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ең төменгі мәнінен 0,01-ден (қоса алғанда) төмен деңгейге дейін ұлғайту;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банк конгломераты қатысушыларының топ ішіндегі мәмілелер бойынша бір біріне талабының сомасы деп банк конгломераты қатысушыларының топ ішіндегі мәмілелер бойынша бір біріне талаптары қалдықтарының сомасы түсініледі, ондай мәмілелер бойынша ақпарат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген «Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерiн, сондай-ақ Банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті табыс ету қағидаларын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына 7-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша банк конгломератының есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыста болған топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есепте көзделеді.
Банк конгломераты қатысушыларының топ ішіндегі банк конгломераты қатысушыларының арасындағы мәмілелер бойынша бір біріне талаптарының сомасын есептеу кезінде туынды қаржы құралдары көрсетілген қаржы құралдарының номиналды құнының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiне, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiне 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерiнiң кестесінде көрсетілген және көрсетілген қаржы құралдарын өтеу мерзімімен айқындалған туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есепке алынады.».

2 2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы