О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Правил передачи на аффинаж лома и отходов драгоценных металлов, обращенных в собственность государства по отдельным основаниям, в слитки аффинированного золота и получения их после аффинажа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Правил передачи на аффинаж лома и отходов драгоценных металлов, обращенных в собственность государства по отдельным основаниям, в слитки аффинированного золота и получения их после аффинажа»
- Атауы (қаз.)
- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 24.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2020 139961_447029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020085
- ЭКБ идентификаторы
- 139961
- Редакция идентификаторы
- 139961_447029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:55
0
«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 81 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13598 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық Банк бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының келісілген көлемін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына сәйкес айқындалған, бағалы металдарды аффинаждауды жүзеге асыратын бағалы металдарды өндіру субъектісіне аффинаждау жұмыстарын орындау туралы шарттың негізінде аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға тапсырады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары аффинаждалғаннан кейін аффинирленген алтынды алу және аффинирленген алтын құймаларын Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алу».
2 2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі